Ресейде бой тасалап жүрген «Азия авто – БИПЭК авто» басшысы тергеуге шақырылды

Ulysmedia

Елден қашып жүрген Анатолий Балушкин тергеуге шақырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

«Қазақстаннан тыс жерде жүрген және келуден жалтарып жүрген күдікті 1970 жылы туған Анатолий Балушкин 10 ақпанда сағат 17:00-ге дейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2 мекенжайы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік ғимаратына келуі қажет», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті Балушкин А.М. қорғаушыны өз бетінше шақыруға немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушының қатысуы туралы өтінішхат беруге (ҚР ҚПК-нің 68-бабы) құқылы. Қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың атынан өзге де адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК-нің 67-бабы).

Айта кетсек, Анатолий Балушкин «Азия авто – БИПЭК авто» басшысы болған.