Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі болып Әлібек Қуантыров тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әләбек Қуантыров Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды.
Осылайша, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметі бос қалды. Әләбек Қуантыров бұл лауазымды 2024 жылдың жазынан бері атқарып келген.
Айта кетейік, Қуантыров бұған дейін де министр болған. 2022-2024 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарды.
Контекст
Қазақстанда кадрлық ауыс-түйістер жалғасып жатыр. 3 қыркүйек түске дейін тағайындалған министрлердің басым бөлігі өз портфельдерін сақтап қалды. Алайда Төтенше жағдайлар министрі қызметіне Шыңғыс Әріновтің орнына Мұрат Мұханов келді.