Каспий құбыр желісі арқылы мұнай қайта жөнелтіле бастады

Ulysmedia

Каспий құбыр консорциумы Қара теңіз терминалынан мұнай жөнелту жұмысының қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«22 ақпаннан бастап теңіз терминалы арқылы мұнай тасымалдау жұмыстары қалпына келтірілді. Ауа райы жағдайының жақсаруы мұнайды ауыстырып тиеуді қалпына келтіруге мүмкіндік берді», - делінген компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты мұнай тасымалы тоқтап қалған болатын.