Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін тағайындады

Ulysmedia
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін тағайындады. Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына;

Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды», - делінген құжатта.