Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылардың 30,65 пайызы дауыс берген, деп Ulysmedia.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафинаның сөзінше, өңірлерде азаматтардың келу көрсеткіші төмендегідей:
1. Абай облысы бойынша – 33,58 %
2. Ақмола облысы бойынша – 33,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18 %
4. Алматы облысы бойынша – 34,41%
5. Атырау облысы бойынша – 30,66%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 33,61%
7. Жамбыл облысы бойынша – 35,82%
8. Жетісу облысы бойынша – 33,15%
9. Қарағанды облысы бойынша – 34,19%
10. Қостанай облысы бойынша – 37,39%
11. Қызылорда облысы бойынша – 32,78%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 32,43%
13. Павлодар облысы бойынша – 34,26%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 32,81%
15. Түркістан облысы бойынша – 38,29%
16. Ұлытау облысы бойынша – 34,61%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 34,16%
18. Астана қаласы бойынша – 23,35%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,25%
20. Шымкент қаласы бойынша – 19,63%
«Неғұрлым белсенді сайлаушылар Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында. Жалпы, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша республиканың 3 687 608 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 30,65 пайызын құрайды. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдары, халықаралық байқаушылар аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауда», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды. Республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп тұр.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.
Бұдан бұрын "Еркіндік қанаты" қоры учаскелер ашылған сәттен бастап қандай бұзушылықтар тіркелгенін айтқан.