Қазақстанда газ тапшылығы күшейді: Үкіметке тапсырма берілді

Ғалиасқар Думан

Мемлекет басшысы үкіметке энергетика, су және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Энергетикалық активтерді жаңғыртуға жақын арада жаңа инвестиция тарту керек. Бұл жұмысты «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы арқылы іске асыруға болады.

Қазір тауар газының тапшылығы күшейіп барады. Үкімет еліміздің газ өңдеу қуатын арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруға тиіс. Сонымен бірге 25 су қоймасын салып, суды барынша үнемдеу керек», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстан тұрақты даму үшін Азия мен Еуропаны жалғайтын әлемдік көлік хабына айналуы қажет екенін айтты.

«Бұған дейін қолға алынған көлік және логистика жобаларын түгел уақтылы бітіру өте маңызды», – деді ол.