Ауа райына байланысты Астанадан Щучьеге дейінгі жол жабылды

Ulysmedia

Күн райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық» деп жазды ҚазАвтожол баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қазіргі сәтте жолшылар жаңа жауған қарды тазалап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр.