Қазақстандағы ірі мұнай-газ компаниясы жекеменшікке арзан бағада сатылып кеткен

Ғалиасқар Думан

Үкіметте өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жекеменшікке берудің заңдылығы мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшікке сатылғаны айтылды.

Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады.

Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.