Смайылов 220 мың адамды судан тарықтырған "сақалды" құрылыстарға шүйлікті

Ғалиасқар Думан

Үкімет басшысы құрылысы ұзаққа созылып, халықты әбден зәрезап қылған ауыз су жобаларын сынға алды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

yk-news.kz

«Кей өңірлерде су тазарту құрылыстарын салу жұмыстары созылып кетті. Ақмола облысында бұл жұмыс 10 жылдан бері бітпей келеді. Іздестіру-барлау жұмыстары да уақытында басталған жоқ. Қарағанды облысында конкурстық рәсімдер енді ғана өткізіліп жатыр», – деді премьер-министр.

Смайылов «сақалды» құрылысқа айналған бірнеше ауыз су жобасын атады.

«Мұның айқын мысалы ретінде Ұлытау облысындағы Есқұла су құбырын, Қызылорда облысындағы Талап су құбырын, Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов су құбыры мен Соколов су құбырының 2-ші кезеңін айтуға болады. Соның кесірінен 220 мыңға жуық адам сапалы суға қол жеткізе алмай отыр», - деді Үкімет басшысы.