Статистика: Қазақстанда ер адамдардың көбісі қайда тұрады және жұмыс істейді

Әсел Мұратбекқызы

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның қай өңірінде ерлер көп тұратынын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Бюроның мәліметі бойынша, 2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның 9 647 мыңы – ер адамдар.

0-14 жас аралығында – 3 млн ұл бала. 15 пен 62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 ​​мың, 63 және одан жоғары жастағылар – 767 мың зейнеткерлер.

Өңірлер тұрғысында ең көп ерлер саны Түркістан облысында 1079 мың, ең азы Ұлытау өңірінде - 108 мың.

Жұмыспен қамту мәселесіне келсек, ерлердің басым бөлігі өнеркәсіпте – 16,8%, көтерме және бөлшек саудада 14%, автокөлік жөндеуде, тағы 14% ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.

Айта кетейік, ерлердің өмір сүру ұзақтығы - 70,2 жас. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрудың орташа жасы – 28 жас.