Қазақстанда блогерлер салық төлеуге міндеттеледі

Ғалиасқар Думан

Мәжіліс онлайн платформалардың жұмысына қатысты заң жобасын жұмысқа алды. Бұл туралы депутат Айдос Сарым мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

«Бүгін Мәжіліс 7 депутат ұсынған «онлайн платформалар» мен «онлайн-жарнама» туралы заң жобасын жұмысқа алды. Оның негізінде болашақта Салық кодексі сияқты ауқымды құжаттардың дайындығын қамтамасыз етеді. Оның ішінде көптеген жаңа ұғымдар бар. Мақсатты, таргеттік жарнама деген түсінік енгізіледі. Осының негізінде мемлекеттік, салық, қаржы органдары тиісті органдармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бұл - әділеттік мәселесі. Мысалы, журналистер еткен еңбегі үшін салық төлейді. Ал көп азамат заңдағы олқылықты пайдаланып, конвертпен ақша алуға жоқ емес. Бұл заң қабылданатын болса, онлайн-платформалардың жұмысын реттейді», - деді ол.

Айдос Сарымның сөзінше, белгілі бір қолданушының саны асқан соң, әлеуметтік платформа бірқатар мәселені қамтуы керек болады.

«Яғни, кез келген әлеуметтік желінің контенті орыс тілінде жазылып, испан тіліне аударылса, қазақ тіліне де солай аударылуы керек. Қазақ тілінде заңсыз контент болса, өздері модерация жасай алуы керек. Яғни, қазақша білетін маман болуы керек. Жалған ақпарат берушілерді жұмсарту туралы өзгерістер енгізіледі. Қазір кейбір азамат халықтан млрд-таған қаражатты қайырымдылық үшін жинап жатады. Ол қайда кеткенін ешкім есептемейді, салық та төленбейді. Қоғамдық тыңдаулар өткіземіз. Кейін жұмыс тобы құрылуы керек», - деді ол.