Ресей Қазақстан арқылы Өзбекстанға газ тасымалдайды

Айнель Аянова

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау мәселесіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Үкімет кулуарында тілшілерге министрге «Бұған дейін РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей газын тасымалдау бойынша екіжақты келіссөздер жүріп жатқанын айтқан болатын. Келіссөздер жүріп жатыр ма?» деген сұрақ қойды.

«Бүгінде Қазақстан арқылы ресейлік газды Өзбекстанға транзит мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатыр. Ол конструктивті түрде жүруде. Келіссөз нәтижесін сіздерге қосымша хабарлаймыз», - деп жауап берді Сәтқалиев.