Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейптерді заңсыз әкелген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті электронды темекі мен вейптерді алып мемлекеттік шекарадан өтпек болған екі көлікті ұстады. Жүк бөлімдерін тексеру кезінде рұқсатсыз және ілеспе құжаттарсыз 50 мыңға жуық «вейп» табылды. Табылған өнімнің сметалық құны шамамен 50 млн теңгені құрады”, – делінген хабарламада
Сот шешімімен анықталған электронды темекілер мемлекеттік стандартқа сәйкес келмегендіктен жойылды.