Әуе билеттері неліктен қымбат  –  авиация комитетінің төрағасы жауап берді

Ғалиасқар Думан

Ел ішіндегі және халықаралық рейстермен ұшатын жолаушылар әуе билеттерінің қымбаттығына жиі шағымданады. Осы шағым жөнінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті не дейді? Ulysmedia.kz тілшісі бүгін үкімет кулуарында бұл сұрақты комитет  төрағасы Талғат Ластаевқа қойды.

фото: ашық дереккөзден

 – Билет бағасын мемлекет белгілемейді. Халықаралық тәжірибе бойынша билеттер құны сұранысқа сай анықталады. Бүкіл әлемде қолданылатын тәжірибеге сай, сұраныс өскен уақытта баға да өседі. Мәселен, демалыс күндері билеттер құны қымбаттаса, аптаның ортасында, жұмыс күндері арзанырақ болады. Қонақүйлер бағасы да дәл солай құбылады. Біздің пікіріміз бойынша, бағаны төмендету үшін бәсекені арттыру керек. Қазіргі баға әділетті деп санаймыз. Өйткені оны мемлекет емес, нарық белгілеп отыр, – деді Ластаев.

Айта кетейік, сәуір айында әуе билеттерінің бағасы 17,7% өсті.