Тоқаев Алматыға келді

Ғалиасқар Думан
Ақорда

Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда мәліметінше, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.