Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елдегі қылмыс деңгейі жоғары қаланы атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жыл басынан бері жалпы қылмыс 19%-ға азайды. Олардың ішінде кісі өлтіру - 51%, зорлау - 37%, қарақшылық - 36%, тонау - 16%, бұзақылық - 47%, ұрлық - 28% және көшедегі қылмыстар саны 12%-ға төмендеді. Бұл ретте елордада 10 мың адамға шаққанда қылмыс саны – 127. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Оның бір себебі, үлкен мегаполис болуында жатыр», - деп тоқталды Марат Ахметжанов.
Министрдің мәліметінше, қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар. Олардың басым бөлігінде кәсіптік немесе жоғары білімі жоқ.
"Астанада адамға қарсы қылмыстардың 50%-ы мас күйде жасалады. Елордада құқық бұзушылық жасаған әрбір екінші адам – өзге өңірлерден келгендер. Олар астаналықтар емес, демек бұл жерде проблема бар", - деді министр.