Көлгіновтің орнын Дүйсенова басты

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Тоқаев Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатқан болатын. 

Ол бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарды.