"Мұның бәрі Жеңістің мойнына ілінді": депутат Рау Астанадағы су тапшылығы жайлы

Ғалиасқар Думан

Астана халықаралық форумы кулуарында Мәжіліс басшысының орынбасары Альберт Рау елордада су тапшылығы мәселесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Журналистердің сұрағына жауап беру кезінде Рау өз үйінде су өшірілмегенін атап өтті.

"Кеше Tik-Tok арқылы қала әкіміненсәл күте тұрыңдар деген сәлемдеме алдым, енді жаңа сорғы-сүзгі станциясының бірінші кезегі іске қосылып, мәселе шешілетінін айтыпты. Әрине, Жеңіске қояр сұрағым көп емес. Біз мұның бәрі оның мойнына ілінгенін түсінуіміз керек. Қаланың өсу қарқынына инфрақұрылым ілесе алмай жатқаны –сылтау. Субъективті фактор бар – адамдар, объективті фактор бар – жүйелік ақау", - деді депутат.

Айта кетейік, Жеңіс Қасымбек өткен жылдың соңында Астана әкімі қызметіне кірісті. Бұған дейін бірнеше жыл бойы Астананы Алтай Көлгінов басқарды.

Бүгін Тоқаев Көлгіновті Премьер-Синистрдің орынбасары лауазымынан босатты, бұл қызметте ол алты айдан аз уақыт қана жұмыс істеді.