Jusan Bank Назарбаев университеті мен мектептерін қаржыландыруды жалғастыра ма

Аян Өрібай

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Әділет министрі Азамат Есқараев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

"Банк қазақстандық білім беру ұйымдарын ары қарай қаржыландыру міндеттемелерін алды", - деді Азамат Есқараев тілшілер сауалына берген жауабында.

Министр Jusan Bank Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептерін қаржыландыруды жалғастыратынын нақтылады.

Еске салайық, бұған дейін Jusan Bank Қазақстан юрисдикциясына қайтарылғаны жөнінде  хабарлағанбыз.

Есқараевтың сөзінше, банк елімізге «ерікті түрде» қайтарылды.