Қазақстан-Ресей қатынастары: Тоқаев Абаевқа қандай тапсырма берді

Ғалиасқар Думан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, Абаев бұл қызметке 3 шілдеде тағайындалды.

Оған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды.