ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «World Money» компаниясының өкілдеріне қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Компанияның міндетті шарттарының бірі - 21 мыңнан 53 мың теңгеге дейінгі қаражатты төлеп, басқа қатысушыларды, соның ішінде WhatsApp және Telegram арқылы адам тарту болды.
2023 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін қаржы пирамидасына 130 адам тартылған.
Аумақтық департамент облыстық прокуратураның үйлестіруімен компанияның қызметін ерте бастапқы кезеңде тоқтатып, алданған салымшылардың санын азайтуға мүмкіндік берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
«Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз» деп ескертеді агенттіктен.
Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтар 757 млн теңгеден астам қаржы салған қаржы пирамидасының басшылары сотталды.