Махачкаладағы жарылыс: Тоқаев Путинге көңіл айтты

Ғалиасқар Думан

Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Дағыстан астанасы Махачкала қаласында жанар-жағар май құю станциясында жарылыс болды.

Қаза тапқандар саны 27 адамға жеткені хабарланды. Үйінділерду ашу, адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Дағыстанда 15 тамыз аза тұту күні болып жарияланды.