Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барды

Ulysmedia

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Ханойдың «Ной-бай» халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Вьетнам Президенті Кеңсесінің басшысы Ле Хан Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар күтіп алды.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулер жоспарланған.

Вьетнамның жоғары басшылығымен келіссөздер барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылау жоспарлануда. Сонымен қатар, біздің президент бірқатар өндіріс орындарын аралап, Вьетнамның ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.