Тоқаев Вьетнамға сапарынан кейін Қазақстанның сол елдегі елшісін ауыстырды

Ғалиасқар Думан

Қанат Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

Ол Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы, Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін Ерлан Байжанов атқарған.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев  2023 жылғы 20-22 тамыз аралығында Вьетнамға ресми сапармен барды.