Бас прокурор орынбасарының інісі Қазақстанның Беларусьтағы елшісі болды

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның Беларусьтағы жаңа елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы, Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қатар атқарған.

Ерлан Байжанов – Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың туған інісі.