Президенттің бес көмекшісі болады

Айнель Аянова

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Құжатқа сәйкес Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

Президент Әкімшілігінің Басшысы;
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
Президент Кеңсесінің Бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
 
Жарлыққа сәйкес:

– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
 
Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.