Қасым-Жомарт Тоқаев 5 министрді қызметінен босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Тоқаев Президент әкімшідігіндегі 12 шенеунікті жұмыстан шығарған.
Сондай-ақ, президент өзінің жаңа 4 көмекшісін тағайындады.