Импорт көлеңкесіндегі ұлттық өндіріс: Тоқаев жаңа сауда министріне тапсырма берді

Ғалиасқар Думан

Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Президент қазақстандық экспорт үшін жаңа өткізу нарықтарын қарастыру барысында министрлік белсенді жұмыс істеуі қажет екеніне назар аударды.

“Сонымен қатар мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтты. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы серіктестерімен арадағы тауар айналымын арттыру және экономикалық сын-қатерлерге орай шұғыл әрекет ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын отандық фермерлер импортқа тәуелділік артқанына алаңдаушылық білдіріп, Ресей қазақстандық өндірушілерді ығыстырып жатқанын мәлімдеген.