Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды

Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

RFI

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйлейді, сонымен қатар «Орталық Азия-АҚШ» саммитіне қатысады.

Қазақстан президентінің бірқатар мемлекет басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және трансұлттық компаниялардың өкілдерімен кездесуі жоспарланған.

Джо Байден алдағы аптада АҚШ-та Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездеседі деп жоспарланған. Көптеген сарапшылар бұл келіссөздер Ақ үй мен Орталық Азия өңірі елдері арасында берік байланыс орнатудағы шешуші қадам болады деп пайымдайды.