Патриархал жүйе ерлерді де езгіде ұстайды - Әсия Бақдәулетқызы

Ulysmedia
ulysmedia

Qarakoz-дің бүгінгі қонағы Орталық Азияның мәдениеті мен интеллектуалдық тарихы, деколонизация және феминизм тақырыптарында қалам тербеп жүрген журналист, киносыншы, Лондонның Куин Мэри университетінің PhD зерттеушісі Әсия Бақдәулетқызы.

Әсия 7 жылдан бері Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында тұрады. Әріптесіміз бұл подкаста Қазақстанда болып жатқан құбылыстарға сырт көз ретінде бағасын берді.