Бюджетке триллиондарды қалай қайтаруға болады: Антикор көзге ілмеген Байтұровтың әдісі

Ulysmedia
Ұлысмедиа коллажы

Еркін Байтұров – қаржы полициясының бұрынғы қызметкері, мемлекет қаражатының жымқырылуын анықтауға арналған бірегей әдістеменің авторының бірі. Оның айтуынша, егер ҚАЛҚАН аналитикалық орталығының жүйесін мемлекеттік деңгейде енгізсе, бюджет жыл сайын 4 триллион теңгеге дейін толығуы мүмкін.

Бірақ неге бұл жүйені Антикор елеусіз қалдырды? Не себепті 12 миллиард теңгенің жымқырылуына қатысты тергеу дайын материалдарға қарамастан басталмады? Шын мәнінде бюджетке қаражаттың қайтарылуына кім кедергі жасап отыр?

Осы шығарылымда мына сұрақтарға жауап берілді:

• ҚАЛҚАН әдістемесі қалай жұмыс істейді және оның дәстүрлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәсілдерден айырмашылығы неде?
• Байтұров не себепті президент Тоқаевқа тікелей жүгінуге мәжбүр болды?
• Мемлекеттік сатып алу арқылы жүздеген миллионды қалай жымқыруға болатынын нақты мысалдармен көрсетеміз.
• Ең бастысы, әрекетсіздік үшін жауапкершілікті кім көтеруі керек?

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz порталының YouTube арнасынан көре аласыздар.