Биыл елімізде шамамен 63 миллион тонна тас көмір өндірілді. Олардың 16 миллион тоннасы (бір жылда бірден плюс 29%-ы) экспортқа жөнелтілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Десек те, Қазақстан 2026 жылға қарай көмір пайдаланудан толығымен бас тартуға мүдделі, дейді energyprom.kz.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде еліміздің көмір қазатын компаниялары 62,8 млн тонна көмір алды. Бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,5%-ға аз.
Өңірлерге келсек, өндірістің ең көп көлемі әдеттегідей Павлодар облысына тиесілі болды: 37,2 млн тонна, минус 2,3%. Көшбасшы аймақтар үштігіне Қарағанды (21,1 млн тонна) және Шығыс Қазақстан облысы (4,2 млн тонна) кірді.
Жалпы, 2020 жылы елімізде 113,4 млн тонна көмір өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,4%-ға аз.
Секторда «Шұбаркөл көмір» АҚ Еуразиялық тобының (ERG) құрамына кіретін «Богатырь Көмір» ЖШС, «Майкубен-Вест» ЖШС, «Ангренсор Энерго» ЖШС сияқты компаниялар мен тағы басқалар жұмыс істейді.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан 254,9 млн доллар сомасына 16 млн тонна тас көмірді экспортқа жіберді. Өсім 29,2% құрады.
Көмірдің басым бөлігі немесе 80,1%-ы ТМД елдеріне экспортталды: 12,8 млн тонна, плюс 5%. Бұнда қазақстандық көмірдің басты импорттаушысы Ресей болды: 10,5 млн тонна – бұл бір жыл бұрынғыдан 4,3%-ға аз. Бұған қоса еліміз көп бөлігін Беларуське (1,2 млн тонна) және Украинаға (491,7 мың тонна) жөнелтті.
Ал ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттерге 45,2 млн доллар сомасында 3,2 млн тонна қазақстандық көмір жіберілді. Бұнда бас импорттаушылар Швейцария болды: 2,7 млн тонна. Сондай-ақ көп бөлігі Ұлыбританияға (191,8 мың тонна) және Түркияға (150,6 мың тонна) экспортталды.