Jusan Bank бақылауын Қазақстанға қайтару ресми түрде аяқталды

Айнель Аянова

Jusan Bank Қазақстан юрисдикциясына қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

"2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылғаны белгілі. Қазақстан үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтару мүмкіндігі туды", - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Ведомство қажетті құжаттарға қол қойылғанын атап өтті.

"Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады. Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғасады", - деп мәлім етті министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Қазақстан үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты.