Катар инвесторы Bereke банкті сатып алды: «Байтерек» холдингі түсініктеме берді

Аян Өрібай

"Бәйтерек" холдингі деректері бойынша мәміле өзара есеп айырысу шеңберінде жүргізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

"Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкеловтен Bereke bankті сату Қазақстанға қаншалықты тиімді екенін журналистер Сенат кулуарында сұраған.

Жауап

– Бізге жақсы, әрине. Шартты түрде айтқанда егер біз оны 0 теңгеге сатып алғанымызды есепке алсақ, - дейді Айдапкелов.

"Бізде бас банкпен уағдаластық бар және өзара есеп айырысу шеңберінде біз мәмілені өз пайдасына өткіздік" деп қосты ол.

Бұл ретте Айдапкелов мәміле шарттары туралы нақты ақпаратты айтпады.

– Мәліметтерді білу үшін ресми түрде сауал жолдаңыздар. Мен қазір бір нәрсені ұмытып кетуім немесе шатастыруым мүмкін. Ресми түрде хабарласқан дұрыс, біздің баспасөз қызметі жауап береді, - деді ол.

Бұған дейін катарлық инвестор Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алғаны белгілі болған.

Хабарламаға сәйкес, Lesha Bank Қазақстандағы Bereke Bank-тің барлық жарғылық капиталын 65 миллиард теңгеге сатып алған, бұл ағымдағы айырбас бағамы бойынша 532 382 681 катар риалына тең.