Астанада "ӨКМ Операторы" компаниясына қатысты атышулы іс бойынша сот талқылауы жалғасуда. Сотталушылар орындығында төрт адам отыр – компания басшылығы және бұрынғы экология вице-министрі. Оларға сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.