Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю видеоға түсіп қалды

Сырым Қаржас
Фото: instagram.com/ustirt_kz

Үстірт қорығында сирек кездесетін итаю видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

24-27 қазан күндері аралығында қорғау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Айтуов, механик Есдаулетов және инспектор-жүргізуші Туленбаев Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының аумағында рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында Қазақстанда өте сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректі — итаю (Mellivora capensis) бейнежазбаға түсірілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін, 2024 жылдың желтоқсан айында, қорықтың аға ғылыми қызметкері Пулатов итаюды суретке түсірген болатын. 

ИТАЮ

Айта кетейік, итаю (лат. Mellivora capensis) — сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі жануар. Қазақстанда негізінен Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Үстірт, соның ішінде Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі. Түрікменстан, Иран сияқты елдерде де мекендейді. 1983 жылдан бастап тіркелген саны өте аз — Қазақстанда саны бірнеше ондықтан аспауы мүмкін.