Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген сілеусін видеоға түсіп қалды

Ғалиасқар Думан

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Сайрам-Өгем ұлттық саябағында фототұзаққа ілінген кадрларды жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Екі сілеусін видеоға түсіп қалған.

«Түркістандық сілеусін инспекторлар орнатқан фототұзаққа түсіп қалды. Қызыл кітапқа енген жыртқыш тек Орталық Азияда кездеседі. 1976 жылдан бері жануарды аулауға тыйым салынған», - деп хабарлайды комитет.

Айта кетейік, бұған дейін Алтын-Емел ұлттық саябағында барыстың түсірілгені хабарланған болатын. Сондай-ақ Марқакөл қорығында фотоаппарат сирек кездесетін аюды суретке түсірді.