«Қазақ тілін насихаттағандарды ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптау дұрыс емес» – Елшімен сұқбат

Ulysmedia

Ұлыстың алаңында еліміздегі Польша Республикасы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда мырза. Полониялық дипломатпен еларалық байланыс, өңірдің геосаяси үдерісі мен тіл саясаты, Еуроодаққа кіру тәртібі хақында сөйлестік. Оның ішінде Украина мен Ресей арасындағы соғыс, Путиннің саяси әлсіреуін, Сириядағы диктатураның құлауы, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЕуроОдақ бағытындағы жұмыстарды да сөз еттік. Атап өтсек, Польша Республикасы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында ЕуроОдақта төрағалық етеді.

Ulysmedia коллажы

Сөз арасында Лабенда мырза, “бізді Польша емес, Полония деп атаңыздаршы” деп ашық айтты. Атпақшы, Михал Лабенда – таза қазақша сөйлетін Қазақстандағы жалғыз елші.

Сондықтан Польшаның еліміздегі сенімді өкілі Михал мырзамен сұхбатты қазақ тілінде жаздық. Елдестірмек ниетпен келген Елшінің мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруі мемлекетті, оның халқын құрметтегені деп қабылдадық. Әр ұлт үшін ана тілінің жоғары деңгейде болуын, мемлекеттік қызметкерлердің тек қазақ тілінде сөйлеуін алға тарту дұрыс екенін де димломат жұқалап айтып қалды. Одан басқа, Қазақстанда болып жатқан үрдістер мен Тоқаевтың саясатын сөз еттік.

Айта кетейік, Михал Лабенда осыған дейін Әзербайжанда (2010-2014 жж.), Моңғолияда (2015-2018 жж.), Египетте (2018-2023 жж.) Елші қызметін атқарған.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көріңіздер.