Қазақтар соғыста өліп жатыр, президенттікке үміткер Тасмағамбетов - Ұлыс апта

Ulysmedia

Армысыз, ардақты ағайын! Біздің ашық ақпарат таратып, саяси маңызды мәселелерді көтеруіміз тек сіздердің қолдауларыңыздың арқасында екенін атап өткім келеді. Сондықтан, "Ұлыс медиа” қатарына қосылып, лайк басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыздар. Елдегі ең салмақты деген саяси оқиғаларды бірге сараптайық.

Ulysmedia.kz коллажы

“Менің Отаным - Ресей”. Украинада соғысып жүрген қазақтарға билік неге сұрау жасамайды? Ресей қорғаныс күші бірін есірткімен қорқытып, енді бірін ақшамен арбап жатқаны рас па? Бөтеннің жігіне араласқандар Қазақстан заңы бойынша қалай жазаланады? 

Иманғали Тасмағамбетов келесі президент болуы мүмкін бе? Ол қазаққа неге ренжулі? “Ресейшіл емеспін” деген  сөздің астарында қандай мән? Қазақстан билігінде “ресейшіл емес” кім бар қазір? Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт дербес пікірін айтты. Халықтың да пікірін жаздық. 

Атырау мұнай-өндеу зауыты сатылмайтын болды. Бірақ бұл “жекешелендірмейді” деген сөз емес. Мұнай сарапшысы Рашид Жықсылықов «Ресейдің үлкен компанияларына Қазақстанда тым көп мүмкіндік беріп кетті» дейді. Мұның арты неге әкелуі мүмкін?

Салық өндіру операциясы жалғасуда. Ендігі қара тізімге миллиондап, тіпті алды миллиардтап салық төлемей жатқан блогерлерден бөлек, қатардағы азаматтар кіруі мүмкін. Ал банк аударымдарыңыз үшін есеп бере алмасаңыз тағы 10 пайыз салық төлейсіз.

Бәрін тарқатып айтып береміз, бізбен бірге болыңыздар.