Ulysmedia.kz ақпараттық-сараптамалық сайты өтіп бара жатқаның басты оқиғаларын шолып шықты.
Ulysmedia.kz осы аптада ел аузында жүрген ең айтулы жаңалықтарға шолу жасады:
Батыс Қазақстан облысында бір отбасының бес бірдей бүлдіршіні қаза тапты. Ал Астанада қоғамдық көлік апатынан жеті жастағы қыз қос аяғынан айырылды. Зар жылаған ана халықтан көмек сұрап жатыр. Бұл қайғылы оқиғалар үшін әкім жауапкершілікке тартыла ма? “Жаңа Қазақстанның” әкімдері неге трагедиядан кейін көзге көрінбей кетеді? Әкімдердің беттері неге қалың болып кетті?
Украинаның “Өрмек” операциясы заманауи соғыстың табиғатын қалай өзгертті? Украинадағы соғыс Қазақстанға қандай сабақ берді? Бұл жөнінде сарапшы Андрей Бузаровпен сұхбаттастық. Ал Астана аспанында ұшқан не болып шықты?
Біздің шенеуніктер неге люкс өмірге құмар? Моңғолия премьер-министріне қарсы басталған импичмент Қазақстанға да келе ме?
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Алайда шешім дау тудырды. Бұл әділ үкім болды ма? Екі куәгер қыз ақыры жауапқа тартыла ма?
Сөз бостандығы мен саяси белсенді қоғам. “Әділетті Қазақстанда” журналистер мен белсенділер неге қысым астында қалып жатыр?
Шолуымызды таратып, ой қосып, бөлісе отырыңыздар!