"Парламентті күшейтеміз десек, президенттің де билігін азайту керек": Сенатты қысқартқаннан не өзгереді

Сырым Қаржас
Ulysmedia

8 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында сенатты қысқартып, бір палаталы парламент жүйесіне көшу бастамасын көтерді.

Президент 2027 жылы парламенттік реформа жөнінде жалпыұлттық референдум өткізіп, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды.

Бірақ бір палаталы парламент жүйесіне көшу Қазақстан үшін жаңалық емес.

Осы тұста “Кейінгі отыз жылда Қазақстан парламенті қалай өзгерді?”, “Жоғары Кеңес қалай қос палаталы парламентке айналды?” деген сауалдарға жауап іздеп, басты заң шығарушы органның өткені мен бүгініне тоқталуды жөн көрдік.