Бүгінгі шығарылымда:
– Республика күні орден мен марапатқа толы күнге айналды. Бірақ елдің басқа өңірлерінде 70-ке жуық белсенді ұсталды. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина не дейді?
– Үш жылдық бюджет небәрі үш сағатта бекітілді — бірақ табыс әлі де шығыстан аз. Қазақстанның сыртқы қарызы неге азаймай жатыр? Үкімет тығырықтан шығатын жол таба ала ма?
– Салық реформасына қарсы шыққан кәсіпкерлер Тоқаевқа үндеу жасап, петиция жариялады
– Ресейге қарсы жаңа санкциялар Қазақстанға қалай әсер етеді? Біз дайынбыз ба? Саясаткер Мұхтар Тайжанның пікірі.
– Назарбаевтың қайта көрінуі — сәйкестік пе, әлде белгі ме? Ал оның немересі енді Кипр азаматы.
– Қазақтың тақиясын әзілге қосқан Асхат Ниязов халықтың ашуын туғызды. Бірақ бізде елдің, әсіресе қазақ аудиториясының ашуын ескеретін билік бар ма?
Бәрін тарқатып айтып береміз. Бізбен бірге болыңыздар.