Қоғамдық пікірді қозғаған жаңа видеода бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Материалда мынадай тақырыптар көтерілді:
- Назарбаевтар әулеті билікке қайта оралғысы келе ме?
Елді отыз жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі саяси ықпалы мен оның Ресей президенті Владимир Путиннен қандай қолдау сұрап жүргені сөз болды.
- Украинадағы соғыс аяқтала ма?
Биылғы жылы қақтығыстың тоқтамайтыны айтылып, Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресейге қандай ұсыныстар жасауға дайын екені талқыланды.
- Қазақ тілінің құны — 78 мың теңге ме?
Шымбұлақтағы тіл дауы қоғамдағы тіл мәселесінің қаншалықты өткір екенін көрсетті.
- Салық реформасы және Үкіметтің жауапкершілігі.
Үкімет жаңа реформалар үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алғаны айтылды. Ертең баға өсіп, жағдай ушыға түссе, бұл жауапкершілік отставкаға алып келуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды.
- Қазақстанның геосаяси ықпалы.
Жапония мен Қазақстан ұзақмерзімді серіктестікке қол жеткізгені атап өтілді. Әлемде «орта держава» ретінде мойындалған Қазақстан үшін мемлекеттік мүдденің құны қандай деген мәселе көтерілді.
Материалдың толық ULYSMEDIA арнасында жарияланды.