Ресейдің Украинаға қарсы соғысы бесінші жылға аяқ басты. Соғыс тек екі елдің арасындағы қақтығыс емес, ол әлемдік тәртіпті, халықаралық қауіпсіздікті және ірі державалардың қарым-қатынасын түбегейлі өзгертіп жатыр.
Бұл шығарылымда Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева екі дипломатпен ашық әңгіме жүргізді:
Подкаст қонақтары:
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич ханым мен Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко мырза.
Подкаст барысында спикерлер тек Украинадағы соғысты ғана емес, әлемдік саясаттың жаңа кезеңін талқылады.
Басты сұрақтар:
Сонымен қатар дипломаттар әлемдегі күш балансының өзгеруі туралы айтты.
Шыңарылымда Қытайдың рөлі де ерекше аталды. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі геосаясатта ең жылдам күшейіп келе жатқан мемлекет — Қытай. Қытай экономикасының өсуі әлемдік тепе-теңдікті өзгертіп,
Ресей үшін де маңызды тірекке айналып отыр. Кейбір бағалаулар бойынша, қазіргі Ресей экономикасының тұрақтылығына Қытаймен экономикалық байланыстар айтарлықтай әсер етеді.
Тағы бір маңызды тақырып — Таяу Шығыс және Иран. Еуропалық дипломаттардың айтуынша, Ирандағы жағдай, өңірлік тұрақсыздық және ядролық қауіпсіздік мәселелері халықаралық саясаттағы ең күрделі түйіндердің бірі болып қала береді. Бұл факторлар да әлемдік қауіпсіздік жүйесіне ықпал етеді.
Дипломаттардың пікірінше, бүгінгі әлем болжауға келмейтін, тұрақсыз кезеңге кірді. Халықаралық қауіпсіздік жүйесі әлсіреп, бұрынғы ережелер жұмыс істемей жатыр. Сондықтан қақтығыстарды тоқтатудың жалғыз жолы тек ашық диалог пен дипломатия.
Ulysmedia күрделі тақырыптарды ашық талқылауды жалғастырады.
Подкасттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре отырыңыздар.