Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
Қазақстан президенті Біріккен Ұлттар Ұйымына басшы болмақ па? Тоқаевтың соңғы мәлімдемелеріне қатысты сарапшылар не деп жатыр? Әлемдік саясат енді алпауыттардың емес, «орта державалардың» қолына өтпек. Ал әлем аренасында геосаяси салмағы өсіп келе жатқан Қазақстанға көз салатын кімдер?
Алда парламент сайлауы келе жатыр. «Әділет» деген жаңа партия құрылмақ. Қазіргі саяси жүйеде жаңа саяси партия құру қаншалықты мүмкін? Соңғы үш жылда партия құрам деген белсенділер неге қамауда отыр? Халық қандай партияларды біледі? Елден пікір жинадық.
«Қыз Жібектің» қамзолы мемлекетке қайту керек. Ұлттық мұра неге мемлекет бақылауынан тыс қалған? Енді бұл жәдігердің тағдыры не болмақ?
Алматыда саяси белсенді, фермер Алмасбек Садырбайдың соты басталып жатыр. Белсенді аштық жариялап, әділ сот үкімін іздейді. Сондай-ақ белсенді Оразалы Ержановтың ла соты басталды. Бұл істерде қандай гәп бар?
Халыққа курс сатып, байып алған ерлі-зайыпты Жанәбіловтер 4 жылға сотталуы мүмкін. Бұл тым қатаң жаза емес пе? Инфобизнестегі блогерлер бұл кейстен қандай нәтиже шығаруы керек?
Шолудың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.