Қазақстанда жаңа олигархтар қалыптасып жатыр ма?

Ulysmedia
Коллаж: Ulysmedia.kz

Соңғы бір жылда Қазақстанның бизнес кеңістігінде бұрын-соңды болмаған үрдіс байқалуда. 35 жастағы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп қысқа уақыт ішінде ел экономикасындағы бірқатар стратегиялық активтерді сатып алып, ірі мәмілелердің басты фигурасына айналды.

Оның соңғы әрі ең көп талқыланған қадамы – ERG-дегі үлесті сатып алу жөніндегі келісім. Бұған дейін ол «Алтыналмас» компаниясын иеленіп үлгерді. Қазір нарықта «Қазцинкке» қатысты келіссөздер жүріп жатқаны туралы ақпарат тарауда. Осы мәмілелерден кейін Шахмұрат Мүтәліп Қазақстанның ең бай адамдарының қатарына еніп, Forbes рейтингісінде 22 орынға шықты. 

Бірақ қоғамды мазалайтын сұрақтар көбейіп келеді.

Бірнеше жылдың ішінде емес, бірнеше айдың ішінде мұндай қаржылық серпіліс қалай мүмкін болды? Қазақстан экономикасының маңызды секторларының бір адамның немесе бір топтың қолына шоғырлануы нені білдіреді? Бұл еркін нарықтың нәтижесі ме, әлде билік пен капитал арасындағы жаңа келісімдердің көрінісі ме?

Тәуелсіз Қазақстан тарихында біз бірнеше буын олигархтардың пайда болып, кейін ықпалынан айырылғанын көрдік. Бірақ олигархтардың жиі ауысуы экономикаға қалай әсер етеді? Инвесторлар үшін бұл қандай сигнал? Меншік құқығының тұрақтылығы сақтала ма? Әлде бұл елдегі экономикалық ресурстардың кезекті қайта бөлінуінің белгісі ме?

Бұл процестердің артында қандай саяси және қаржылық күштер тұруы мүмкін? Қазақстанда жаңа экономикалық элита қалыптасып жатыр ма? Оның мемлекетпен қарым-қатынасы қандай болады?

Осы және өзге де күрделі сұрақтарға жауап іздеу үшіг Ұлысмедианың бас редакторы Самал Ибраева талқылау өткізді. Бұл подкастта журналист әрі сарапшы Мөлдір Бақыт пен қаржы нарығының маманы Бауыржан Мұқанов тәуелсіз ойларын айтып, соңғя жылдардағя саяси-экономикалық өзгерістерге шолу жасады. 

Біз тек жеке кәсіпкердің байлығы туралы емес, Қазақстан экономикасының болашағы, стратегиялық активтердің тағдыры және елдегі капиталдың жаңа архитектурасы туралы еркін талқылау.

Подкасттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.