Бұл шығарылымда біз «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашевпен бірге Атыраудан Орал арқылы Ақтөбеге дейінгі мың шақырымға жуық жолды аралап шықтық.
Қазақстан экономикасының негізгі тірегі саналатын мұнайлы өңірлерді жалғайтын бұл бағыт ұзақ жылдар бойы халықтың ең үлкен мәселесіне айналды. Атырау – Орал тасжолы 20 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жолдың қазіргі жағдайы қандай? Неліктен осындай стратегиялық бағытқа жылдар бойы көңіл бөлінбеді? Енді бөлінген миллиардтар қалай жұмсалады?
Біз жол құрылысының әр кезеңін көзбен көрдік:
* асфальттың сапасын тексердік;
* құрылыс зертханасының жұмысымен таныстық;
* материалдардың қалай сыналатынын көрсеттік;
* мердігерлерге қойылатын талаптарды сұрадық;
* бөлінген қаржының есебін талдадық.
Сонымен қатар сұхбат барысында:
Атырау–Орал жолына бөлінген миллиардтар;
жол сапасына кім жауап береді;
неге кейбір жолдар 20 жыл жөнделмей қалды;
ақылы жолдардан түскен қаражат қайда жұмсалады;
ауыр жүк көліктері жолды қаншалықты бүлдіреді;
жасанды интеллект жол құрылысына қалай енгізіліп жатыр;
2029 жылға дейін іске асатын 4 триллион теңгелік республикалық жобалар;
Бейнеу–Сексеуіл, Ақтөбе–Ұлғайсын, Ұлғайсын–Сексеуіл бағыттарының маңызы;
жаңа шекара өткізу бекеттері мен Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы ашық әңгіме болды.
Бұл жай ғана жол туралы емес. Бұл – халықтың қауіпсіздігі, өңірлердің дамуы, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы және Қазақстанның болашақ логистикасы туралы сұхбат.
Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.