«Әділетті Қазақстанды» алғаш көргеннің бірі – мен» – Айбек Барыс

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Бұл шығарылымда Ulysmedia.kz студиясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері, Kazakhstan Paramount Engineering негізін қалаушы Айбек Барыспен ашық әрі мазмұнды сұхбат өтті.

Соңғы уақытта «Әділет» партиясына қосылған Айбек Барыс бұл шешімінің себептерін алғаш рет кеңінен түсіндіріп, Қазақстандағы саяси реформалар, Құрылтай сайлауы, кәсіпкерліктің мемлекет дамуындағы рөлі, инвестициялық климат және тәуелсіз сот жүйесінің маңызы туралы пікірін айтты.

Сұқбат барсында талқыланған тақырыптар:

* Неліктен Айбек Барыс саясатқа келіп отыр?
* «Әділет» партиясынан не күтеді?
* Қазақстандағы шынайы инвестициялық ахуал қандай? 
* Кәсіпкерлердің билікпен қарым-қатынасы қандай болуы керек?
* Қазақ өндірісінің дамуына кімдер кедергі келтірді?
* Қорғаныс өнеркәсібі және жоғары технологиялар.
* Неге жастар инженер болудан қашады?
* Ғылым мен стартаптарды дамыту жөніндегі жаңа жобалар.
* Тәуелсіз сот мемлекеттің басты тірегі болуы үшін не істеу қажет?
* Қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік.
* Қазақ тілінің болашағы және бала тәрбиесі.
* Шетелден жылжымайтын мүлік сатып алу - сатқындық.
* Қазақстанда байлық пен әділет қатар өмір сүре ала ма?
* Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі неге маңызды?

Айбек Барыстың пікірінше, елдің болашағы ең алдымен әділетті институттарға, өндірістің дамуына, ғылымға инвестиция салуға және саяси жауапкершілігі жоғары азаматтарға байланысты.

Бұл сұқбат – тек саясат туралы емес. Бұл еңбек, адалдық, кәсіпкерлік, ұлттық құндылықтар және Қазақстанның болашағы туралы үлкен әңгіме.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.