«Діні бар да, ұлты жоқ, сақалы бар да, мұрты жоқ. Теке сақал, қырма мұрт, елдің түбіне сол жетер», – деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтпақшы… Меркілік 19 жасар Мадинаның қазасы жағамызды ұстатты. Қазақ қоғамының моральдық келбеті қандай болып барады? Жалпы, әйелге қол көтеру қашан және қалай қазақ қоғамында қалыпты нәрсеге айналды? Әйелді ұруды ақтайтын радикалды уағыздар қайдан пайда болды?
Діни ағымдардың соншалықты тамырын терең жаюына кім кінәлі? Қазақстанның ұлттық идеологиясы қандай болуы керек? Бұл орайда, теолог, ғалым Кеңшілік Тышқанұлының пікірін тыңдадық.
Қазақстанда ректорлар ауысып тұратын болды. Саясат Нұрбек жасаған ең дұрыс бастамалардың бірі – университеттерді иемденіп, зейнетке дейін отыратын ректорларды ауыстыру. Мысалы, ЕҰУ-ды 13 жыл басқарып отырған Ерлан Сыдықов неге қызметінен кетпейді? Жағымпаз ректорларды кетіріп, шетелде оқып, тәжірибе жинаған жастарға орын беру керек.
Қазақстанда тағы бір журналист сотталды. «Орда» басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкенова 8 жылға кетті. Ол өз кінәсін мойындамады. Бірақ Бажкенова айтқан аңыздар ел аузында қалды.
Бақытжан Базарбек адам қағып, істі болып жатыр. Депутат атанып, халық қолдауына ие болған Базарбектің тағдыры енді не болмақ? Саяси карьерасы бітті ме?
Осы тақырыптарды кеңірек тарқатқан шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia Youtube-арнасынан көре аласыздар.