Отбасындағы стереотиптер. Ажырасқан әйел статусы. Алимент процентін көбейту

Ulysmedia

UlysWomen қазақ әйелдерінің мәселесіне арналған жоба. Видеоподкаст қалыптасқан стеротиптерді бүкпесіз айту, талқылау, түйін шығару форматын ұстанады. Бүгінгі қоғамда әйелдердің мойынана артылған жүк тым ауыр. Оны жеңілдету үшін не істеуге болатынын айтуға, түсіндіруге, ықпал етуге тырысамыз.

Коллаж: ulysmedia.kz

Жоба жүргізушілері:

Мөлдір Бақыт – Ulysmedia.kz порталының Бас редакторы, @moldir_baqyt

Әлия Әшім – Ulysmedia You-Tube жобасының редакторы, @aliyaashim

Таймкод:

00:01 Танысу. Бүгін не талқылаймыз?

02:00 Отбасындағы әйелдерге қатысты стереотиптер

03:10 Ата-ана мен жас отбасының бірге тұруы. Неге проблема шешілмейді?

05:07 Ажырасу себептері?

06:00 Карантин кезінде ажырасу саны азайған. Неге?

08:45 “Күйеуге бағыну, оларды пір тұту” Кей коучтардың “күйеуді миллионер ету үшін жасайтын амалдары” неге трендтен шықты?

09:41 Еркек әйелден көп ақша табу керек пе?

10:40 Теңдікті қалау деген не? Феминизмді неге мың бұрмалап жүрміз?

12:16 АҚШ-тағы феминизм қандай?

13:47 Жаңадан босанған келіншектің жағдайын кім ойлауы керек?

17:56 Босанғаннан кейінгі күйзелісті жеңу үшін не істеу керек?

20:24 Екеудің арасына ешкім түспеу керек. Еркектер отбасының “шекарасын” сақтай алу үшін, ата-ана оны қалай тәрбиелеп өсіру керек

23:05 Бақытты отбасының формуласы қандай? Спикерлер түйіні

27:05 Жігіттер қандай қыздарға үйленеді?

27:30 Оңтүстіктегі келін рөлі қандай?

29:07 Ажырасқан әйелдердің қоғамдағы рөлі. Қоғам олаға неге “екінші сортты” адам ретінде қарайды?

30:17 “Сүйіп кетесіңдер, бала болады”. Осы түсінік жұмыс істейді ме?

33:25 Отбасыны сақтап қалу үшін жұмыс істеу. Тығырыққа тірелген кезде не істеу керек?

37:23 Ажырасуды ойлап жүрген, күйзелістегі отбасылар көруі тиіс фильмдер

41:24 “Көзге шөп салуды” кешіруге бола ма?

41:43 Заң тұрғысынан әйелдерді қолдау, еркектерге жауапкершілік арту қалай жүзеге асуы тиіс?

46:00 Мемлекет ақпараттық пропаганданы құндылықтарға бағыттауы тиіс.

47:27 Отырыстан кейін Ulysmedia.kz не істеуге бекінді?